"Тәуелсіздіктің жеті қыры"

Оқушылар "Тәуелсіздіктің жеті қыры"атты бейнефильмдерді тамашалады. Фильмдердің негізіне 2019 жылғы маусымда өткен "Көшбасшылыққа 30 жыл" халықаралық конференциясында тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан жеті сын-тегеурін болды.
Жеті фильмнің әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа – экономика, интеграциялық процестер, ұлтаралық келісім, антиядролық бастамалар, жаңа Астана, транзиттік әлеует, отандастарымыздың Отанына оралуы тақырыбына арналған.
Фильмдердің мазмұны беделді спикерлердің – белгілі мемлекет, қоғам қайраткерлерінің, Елбасының елді дамыту бойынша күрделі саяси шешімдер қабылдағанын көрген адамдардың естеліктері мен пікірлеріне негізделген. Сондай-ақ тарихшылардың, саясаттанушылардың, экономистердің сұхбаттары…
Дата: 30.11.2020, 13:24 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі