"Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
Баланың құқықтарын қорғау мақсатында мектепте іс-шаралар өткізілді:
* Оқушылар мен ата-аналар үшін "қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық стенд рәсімделді. Бастауыш сынып оқушылары "Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ" суреттер байқауына қатысты.
Жоғары сынып оқушылары "Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады?" тақырыбына эссе жазды. Балалардың әр эссесінде Жер бетінде қалай өмір сүріп, қалай адам болып қалу керектігі туралы терең түсінік берді. Оқушылар айналасындағы әлемді қалай көргісі келетіні туралы айтты.
Барлық сыныптарда "Біз зорлық-зомбылық пен қатыгездікке қарсымыз" атты сынып сағаттары өткізілді.
Дата: 20.11.2020, 13:16 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі