"Өнегелі өмір"
"Өнегелі өмір" жобасы аясында 9 сынып оқушылары үшін "Мамандықты қалай таңдау керек?" ақпараттық сағаты өтті. Сынып жетекшісі Утешова А.М. мамандықты қалай дұрыс таңдау керектігін, мамандық түрлері туралы, "мен қалаймын", "аламын", "қажет" формуласы туралы және мамандық таңдаудағы жіберілген қателіктер туралы айтты. Балалар болашақта кім болғысы келетіні және неге екені туралы айтты.
Дата: 17.11.2020, 15:47 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі