Акция "Бір отбасы - бір кітап"

Акция

"Бір отбасы – бір кітап"облыстық жобасы аясында отбасындағы балалардың рухани адамгершілігін қалыптастыру, балаларды отбасылық құндылықтарға тарту, кітапқа, оқуға деген қызығушылықты дамыту мақсатында Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған акция өтуде. Сынып жетекшілерімен " Ұлы Абай, сенің атың мәңгі!онда оқушылар Абай Құнанабаевтың әдебиет сабағында ғана емес, ата-аналарымен бірге оқыған шығармалары туралы айтып берді. Бастауыш буын балалары ұлы қазақ ақынының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейтті, орта буын оқушылары Абай Құнанабаевтың аударған өлеңдерін айтып, оның әндерін тыңдады, жоғары сынып оқушылары Қара сөздерін талдап, а.Құнанбаевтың Шығармаларының өскелең ұрпақ үшін маңызы туралы айтты.

Дата: 28.10.2020, 12:12 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі