Отзыв на послание президента РК 01.09.2020г
Бүгін, 1 қыркүйекте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жариялап, елімізді одан әрі дамыту стратегиясымен таныстырды.
Жолдауда Пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарламалар әзірленетіні туралы айтылды. Сол үшін ұлттық қордан 1 трлн.теңге бөлінеді.
Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Үкімет ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуі тиіс – деді Президент Жолдауында.
Президент елдің экономикалық дамуына бағытталған 7 түрлі принципті айтты:
1.Пайда мен міндеттерді тең бөлу:
2.Жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі;
3.Кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін әділ бәсекелестік пен нарықтың ашылуы;
4.Технологиялық экономиканы көтеру, өнімділікті арттыру;
5.Адам капиталын арттыру;
6.Экономиканы көгалдандыру;
7.Мемлекет тарапынан негізделген шешімдер қабылдау және қоғам алдындағы жауапкешілік.
Сонымен қоса, Президент шағын және орта бизнеске берілетін барлық несиелер боынша 6 пайызға дейінгі мөлшерлемені мемлекеттік субсидиялауды тапсырды.
Президент Үкіметке елдің Әлеуметтік кодексін әзірлеуге тапсырыс берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциясы бар Бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеуді, санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсілін енгізуді тапсырды.
«Бүгін мен бүкіл қоғам алдында дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралардың жоспарын баяндадым. Оның жемісті жүзеге асуы әрқайсымызға байланысты. Баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз керек. Замана сынағы бізден үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етіп отыр. Сондықтан, еліміздің бақытты әрі жарқын келешегі әр азаматтың қажырлы қызметіне байланысты болмақ. Әр буынның маңдайына түрлі сынақ жазылған. Біз төл тарихымызда тағдырдың түрлі сынынан әрдайым сүрінбей өттік. Еліміз ең күрделі деген міндеттерді шеше алады. Біз бұған дайынбыз,» – деді Мемлекет басшысы.
Дата: 1.09.2020, 14:12 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі