Отзыв учителя

Отзыв учителя

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

 

         Бүгін 30 наурызда сағат 21-00-де ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің экономика мен әлуметтік саладағы дағадарысқа қарсы іс-шарларына байланысты мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысының үндеуінде бойынша 3 миллионға жуық Қазақстандыққа әлеуметтік қолдау көрсетіледі.  Мүгедектер мен жұмыссыз азаматтарды қоса есептегенде, 800 мың адамға тегін азық-түлік беріледі.

         Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырды. Осыған орай аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді.

         Төтенше жағдайға байланысты енгізілген атаулы әлеуметтік көмек шын мәнінде мұқтаж адамдаға ғана беріледі.

         Мемлекет басшысын сәтте сабырлық танытқан Қазақ халқына алғыс білдірді.

         Президентіміз Қасым – Жомарт Кемелұлының бүгінгі сөздері расында, күш берді. Еліміздегі болып жатқан қиыншылықтардың барлығында халықпен бірге болып, қолдап жатқаныңызға алғысымыз шексіз Сізге!

               

Дата: 1.04.2020, 9:44 Автор: Общеобразовательная школа №3