«Білімім – Отаныма!» тәрбие сағаты

«Білімім – Отаныма!» тәрбие сағаты
«Білімім – Отаныма!» тәрбие сағаты
 
2023-2024 оқу-жылын қорытындылай келе 24 мамырда «Білімім – Отаныма!» тақырыбында жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаты  мектеп-лицейіміздің барлық сыныптарда бірмезгілде жүзеге асты. 
Тәрбие сағатының мақсаты: балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты Әнұранмен басталады. ҚР Оқу-ағарту министрінің жалпыреспубликаның білім алушыларына құттықтау сөзін тыңдап, республика бойынша балаларының жетістіктері туралы видеоролик қойылды.
Сонымен қатар, әр сыныпта оқушылардың жыл бойы республикалық, облыстық, аудандық білім жетістіктері бағаланып,  әр оқушының жақсы қасиеті, үлгілі істері, ерлік көрсеткен тұстарына ерекше назар аударылып, марапаттаулар берілді. 
Жазғы демалыстағы оқушылардың өз іс-әрекеттеріне жауаптылығы, құқықбұзушылықтың алдын-алу, қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттар, бейне жазбалар таратылды. «Сенің қуанышқа толы жазғы демалысың» guidebook-і әр оқушыға таратылып, ата-аналар чатына жіберілді.
Дата: 27.05.2024, 13:50 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі