7 - мамыр- Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні.

7 - мамыр- Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар  күні.

05.05.2022ж. Балқаш қаласы, «Балауса» бөбекжайында Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған «Біз Отанның сарбазы!» атты ойын-сауық өтті. Ойын-сауыққа қаламыздағы №8 жалпы білім беретін мектебінің кадет сыныбының «Жас сарбаздары» қатысты. Жас сарбаздар бүлдіршіндерге әскери - саптық жаттығуларын көрсетіп, балабақша бүлдіршіндерімен ойындар ойнады. Ойын-сауық соңында Жас сарбаздар жетекшісі Көшкінбаев Абылай Дулатович балаларды Жеңіс күнімен, Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

Қазақ елінің қайсарлы, жігерлі, ержүрек батыр ұлдары азаймасын! Айбынды еліміздің абыройы асқақтай берсін!