Ы. Алтынсарин атындағы №25 орта мектебінде «Наурыз-2017» мейрамына арналған іс-шаралар бойынша ақпар

     Ы. Алтынсарин атындағы №25 орта мектебінде «Наурыз-2017» мейрамына байланысты әр сыныпта бекітілген жұмыс жоспары бойынша әртүрлі іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, мектепалды сыныбы тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушылары мектепішілік этнографиялық мұражайға барып, қазақтың ұлттық ойындары мен салт-дәстүрлері, киіз үйдің жабдықтарымен танысты. Орта және жоғары буын сыныптары арасында «Ұлттық салт-дәстүрлер сайысы» мен «Қазақтың ұлттық ойындары» атты іс-шаралар ұйымдастырылуда.

    Мектеп кітапханасы мен 1- қабаттағы ақпараттық бұрышта  «Әз-Наурыз» тақырыбында кітаптар көрмесі және тақырыпқа сай бұрыш  ұйымдастырылды. 18-наурыз күні барлық бастауыш сынып оқушылары және ата-аналары  біріккен «Қош келдің, Әз-Наурыз» тақырыбында үлкен іс- шара ұйымдастырылады.

  

 

Дата: 15.03.2017, 5:39 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп