"Бір аймақ-бір кітап" акциясы жалғасуда

Оқушылардың  кітап оқуға қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті оқу арқылы рухани және адамгершілік әлеуетін дамыту мақсатында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  желтоқсан мен  сәуір аралығында «Бір аймақ-бір кітап» облыстық акциясы басталған болатын.  Соның негізінде Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ№25 орта мектепте 2-4 сынып оқушыларына арасында  «Шырағын жаққан білімнің»  тақырыбында   Ы.Алтынсаринның  шығармашылығына  арналған  мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Нәтижесінде ой ұшқырлығымен, сөз мәнерінде жоғары нәтиже көрсеткен 4б сыныбы мен 2а сынып оқушылары  көзге түсті. Ыбырай атамыздың  өздері сүйсініп оқыған әңгімелерінен сурет салды.

  

  

Дата: 16.02.2017, 8:47 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп