Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінің «Қауіпсіз жаз» тақырыбында өткізілген іс-шара туралы мәлімет

    28.06.2016ж мектебіміздің «Жасдәурен» жазғы демалыс алаңында демалушыларға  арналған «Абайлаңыз,көше!» тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру . Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

    Іс-шарада тәрбиеші жолда жүру қауіпсіздік ережесімен және бағдаршамның қызметі туралы мәлімет берді. Ойындар ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға демалушылармен бірге ата-аналар қатысты. Соңында ата-аналарға нұсқаулық парақшалар және демалушыларға сыйлықтар таратылды.

Дата: 2.07.2016, 3:53 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп