«Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны» (дебат)

    Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде желтоқсан айының 11 күні 7-8 сыныптар арасында «Компьютер пайдасы мен зияны» тақырыбында АПФ форматта дебат болып өтті. Дебатқа «Болашақ» және «Тек алға» командалары қатысты.Жеребе бойынша  үкімет- «Тек алға», оппозиция - «Болашақ» топтарының  позициялары анықталды.

  Дебат қарарлары:

1.Жастар компьютерді тиімсіз деп есептейді.

2.Әлеуметтік желілер жастар үшін зиян.

   Әр топ осы қарарлар бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салды. Спикерлер өз ойларын нақты, толық жеткізіп, жақсы пікірталас құра білді. Осы топтардың ұсынған тұжырымдамаларына, келтірген дәйектеріне баға беріп, жеңімпаздарды анықтаушы әділқазылар алқасы 10 сынып оқушылары Хуанған Айдана, Эржанат Динара және мектебіміздің педагог-психологы Қазыбаева Динара дебат өте тартымды өткенін атап өтті. Осы пікірталаста  «Тек алға» командасы 8 сынып оқушылары Мадьяров Мади мен Отай Жанасыл жеңіске жетсе,Ең үздік спикер номинациясын 7 сынып оқушысы Серік Анель иеленді.

 

 

Дата: 11.12.2015, 9:04 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп