Размер шрифта:

«Тұңғыш Президент» күніне арналған мектепішілік іс-шаралардың өткізілуі туралы

   ЖББ №25 орта мектебінде 2015-2016 оқу жылының қазан айының 14-і күні «Тұңғыш Президент» күніне арналған мектепішілік іс-шаралар жоспары  сап жиынынында  1-11 сыныптың білім алушылары мен сынып жетекшілеріне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары таныстырды.

   Қазан айның 19-ы күні мектептің 1 қабатына «Елін сүйген,елі сүйген Ұлы тұлға» тақарыбындағы кітап көрмесі және бұрыш ұйымдастырды.Бұрышты мектептің өзін өзі басқару ұйымымен бірлесе мектептің аға тәлімгері Н.О.Қалиақпар және кітап көрмесін мектептің кітапханашысы Б.Қазыбекова ұйымдастырды.Бұрыштағы Елбасы жөніндегі мәліметтер мен кітап көрмесіне қойылған кітаптармен мектептің білім алушылары және мектепке келген ата-аналар көріп,танысып,тамашалады.

  Мектептің радиоторабынан әр сейсенбі сайын кезекші сыныптар «Халқымның ұлы перзенті» тақырыбындағы радио хабарламаны жүргізіп отырды.

  Қазан айының 26-сы мен 30-ы аралығында «Арман,Еңбек,Сенім» тақырыбындағы спорттық сайыстар 5-10 сыныптар арасында  ұйымдастырылды.Сайыс соңында жеңімпаз сыныптарды дене шынықтыру пәні мұғалімдері Сатиев Қ.А және Сәтиев Б.Т марапаттады.

  Қараша айының 12-сі мен 28-і ралығында «Қайырымдылық» акциялары 1-11 сыныптар арасында ұйымдастырылды. Жиналған оқу-құралдары 1-11 сыныптың аз қамтамасыз етілген отбасының балаларына үлестірілді.Қайырымдылық акциясын мектептің әлеуметтік педагогтары Қасатова Б.Т мен Бакирова Г.М  ұйымдастырды.Бұл іс-шарада мектептің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері үлкен белсенділік көрсетті.

    Қараша айының 25-і  күні 9-11 сыныптар арасында «Тәуелсіздік туралы толғау», «Мәңгілік Ел»  ұлттық идеясы тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстелді сынып жетекшілері Сатиев Қ.А,Тускеева Б.А,Хавдал  А ұйымдастырды.

   Қараша айының 28-і күні 3-11 сыныптың білім алушыларына арналған  салтанатты сап жиыны «Жасұлан» ұйымының ұланбасының ант қабылдау рәсімі өтті.Мектебіміздің 8 сынып білім алушысы Болат рахат салтанатты түрде ант қабылдады.Меркелік сап жиынында 6А сынып білім алушысы Гинаятова Аружан мен 6 Б сынып білім алушысы Асқатқызы Аруна «Туған жер» әнін  шырқады.

  Желтоқсан айының 1-і күні «Тұңғыш Президент» күніне арнап  өткізілген мектепішілік іс-шаралар талқыланып,қорытындыланды.

Дата: 2.12.2015, 6:00 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп