«Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық ақпаратық науқанның ұйымдастырылуына байланысты «Бала құқығы-адам құқығы» атты онкүндікте өткізілген іс-шаралар

ЖББ №25 орта мектебінде  қараша айының 12-сі күні «Нашақорлықсыз әлем» тақырыбындағы сап жиыны өтті.Сап жиынында 1-11 сыныптың білім алушылары мен  сынып жетекшілеріне өткізілетін іс-шара жоспарымен таныстырылды.

Мектептің 1 қабатына «Бала құқығы-асыл қазына» тақырыбындағы ақпараттық бұрыш ұйымдастырылды.Ақпараттық бұрышты мектептің білім алушылары және мектепке келген ата-аналар тамашалады.

 Қараша   айының 13-і күні «Қоғамда зорлық-зомблыққа жол жоқ»  тақырыбында мектептің радиоторабынан мектептің аға тәлімгері Н.О.Қалиақпар мен  мектептің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен бірлесе жүргізді.Жүргізілген хабарламада  Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясындағы негізгі баптарға тоқталды.

14 қараша күні 1-4 сыныптарда «Барлық  жақсылық балаларға» тақырыбындағы флешмобты  бастауыш сынып мұғалімі М.Е.Ботаханова ұйымдастырды.

Қараша айының 14-і күні 1-11 сыныптарда  «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында сынып сағаты өтті.Сынып сағаттарында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 1989 жылғы 20  қарашада қабылданған Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері қайталанып,білім деңгейлері артты.

16 қараша  8-10 сыныптар арасында «Бәріміз бірге зорлық-зомбылыққа жол бермейік» тақырыбында сынып жетекшілері дөңгелек үстел өткізді. Осы өткізілген іс-шарада әр білім алуы өз құқығы туралы не білетіндігінің куәсі болды.Әрқайсысы өз ойларымен бөлісті.

Қараша айының 20-сы күні «Тәртіп бұзушылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша  мөлтек ауданның көшелеріне кешкі уақытта білім алушылардың тәртібін бақылау мақсатында рейд ұйымдастырылды. Мектептің әкімшілігі және сынып жетекшілері,ата-аналар комитетімен бірлесе рейдке шықты.Рейд барысында кешкілік көшеде бос жүрген білім алушылар болған жоқ.Кешкілік уақытта сынып жетекшілер өз сыныбындағы білім алушылардың үйлеріне телефон арқылы хабарласып,тексеріп отырды.

Сынып жетекшілері өз сыныбындағы «Жағдайсыз отбасы»  білім алушылары мен мектепішілік есепте тіркелген білім алушылардың тұрмыстық жағдайын анықтау мақсытында үйлеріне рейдтер жасады.

 Мектептің әлеуметтік педагогтары  мектептегі аз қамтамасыз  етілген отбасының білім алушыларына  көмек ретінде «Қайырымдылық » акциясын ұйымдастырылды.Акцияға 1-11 сыныптың білім алушылары белсене атсалысып,жиналған оқу құралдары таратылып берілді.Осы акцияны ұйымдастыра отырып,балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мектебімізде өткен осы онкүндікте білім алушылардың құқықтық мәдениетін  артыруға өз үлесін қосып,білім алушылар белсене қатысты.

Date: 21.11.2015, 8:57 Author: School №25