Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі бойынша 2015-2016 оқу жылында «Ұстаз-ұлы есім» тақырыбында өткен іс-шара ақпары

28 қыркүйек  күні «Ұстаз-ұлы тұлға» тақырыбында мерекелік сап жиыны өтті.Сап жиынында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары М.М. Жолдасбекова  мен Р.М.Болсамбекова 28.09-3.10.2015 жыл аралығында өткізілетін  іс-шаралар жоспарымен таныстырды.

    28 қыркүйек күні мектептің І қабатына  аға тәлімгері Н.О.Қалиақпар мен кезекші 5Б сыныбының білім алушыларымен бірлескен  «Ұстаз-ұлы есім» тақырыбындағы бұрыш ұйымдастырылды.Бұрышқа әр сынып ұстаздарға арналған құттықтау ашық хаттарын ілді. Осы аптада ерекше мерекелік көңіл күйді мектептің білім алушыларының ерекше дайындықтарынан көрінді.

         29 қыркүйек күні кезекші сыныптар мектептің радиоторабынан «Ұстаз еңбегі ерен еңбек» тақырыбындағы өздері дайындаған тамаша өлеңдері мен мәліметтері және құттықтауларын берді.

   30 қыркүйек күні 8-10 сыныптың білім алушылары «Менің алғашқы ұстазым» тақырыбындағы  қабырға газеттерін ілді.Газетке әр сынып бастауыш сыныпта өздеріне қалам ұстатқан алғашқы ұстаздарына деген алғыстары мен  құттықтауларын  білдірді.

    2 қазан күні 1-10 сыныптың білім алушылары сынып жетекшілеріжәне ата-аналар комитетімен бірлесіп  ардагер ұстаздарымыздың үйлеріне барып,құттықтап қайтты.Арлагерлер тарапынан зор қуанышты сезінді.

         3 қазан күні 1-11 сыныптарда «Ұстаз болу...» тақырыбындағы сынып сағаттарын өткізді.Әр сыныптың білім алушылары өз ұстаздарына деген мерекелік концерттері мен құттықтауларын ұынды.

    3 қазан күні ДТЖО-лары осы аптада  өткен іс-шара бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылап, ерекше өз үлестерін қосқан 11 сыныптың сынып жетекшісі мен білім алушыларына шексіз алғыстарын білдірді.Өте жоғары дәрежеде өткен  «Ұстаз – ұлы есім» тақырыбындағы мерекелік концертке өз үлестерін қоса атырып, 11 сыныптың білім алушыларының  «Өзін-өзі басқару» күні бойынша атқарған жұмыстары жоғары дәрежеде болды.

     Осы күні әр ұстаздың қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықты таңдағандарына еш өкініш білдірмей,қайта өз шәкірттерімен бірге қуаныштарын бөліскенін көріп қуаныш сезімдері байқалды.Себебі әр шәкірттің шын жүрегінен шыққан балалық сезімі мен тілектері осы қуаныштың көрінісі бола білді.

 

 

   

 Мектеп директоры   Сыздыкова С.Х

Дата: 7.10.2015, 5:31 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп