Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі бойынша 11.09.2015 жылы өткен жалпы ата-аналар жиналысы туралы ақпар

     ЖББ №25 орта мектебінде 11 қыркүйек күні сағат 17.00-де 1-11 сыныптардың  жалпы  ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа Балқаш қаласының Білім бөлімінің маманы Ж.Ә.Айтжанова және 20 мұғалім,мектеп әкімшілігі,2 әлеуметтік педагог қатысты.

Барлағы-135 ата-ана

Қатысқаны:   93 ата-ана ,   69 %

Қатыспағаны:    42  ата-ана  ,   31  %

Қатыспау себебі көптеген ата-аналардың жұмыс кестесіне сәйкес келмеуіне байланысты.

         Жиналыстың тақырыбы «Ата-ананың отбасындағы рөлі». Жиналысты мектеп директоры С.Х.Сыздықова осы ағымдағы жыл бойынша жасалынған жөндеу жұмыстары және «Мектепке жол» акциясы бойынша көрсетілген  көмек  туралы айтты .  «Қауіпсіз мектеп» тақырыбында мектептегі  жүргізіліп жатқан іс-шараларға жекелей тоқталып, сабаққа келген және  қайтар жолдағы әр баланың өмір қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуі керек екендігі ескертілді. Ата-аналар тарапынан Қоңырат кентінде көшеде бос жүретін түйелер, қаңғыбас иттер, сынған үйлер баланың өміріне қауіпті, бұл жағдайда қандай алдын алу шаралары болады деген сұрақтар  қойылды. Новорудная, Садовая, Октябрьская  көшелерінде кешкілік уақытта көше шамдарының жоқтығы туралы да ата-аналар сұрады.

Жиналыста ДТЖО  М.М .Жолдасбекова  «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында баяндама оқыды. Осы тақырыпқа сәйкес презентация  көрсеттілді.

Қоңырат мөлтек ауданының балалар дәрігері Г.Ж.Көкенова мен мектептің медбикесі Б.А.Тускеева  «Қызылша ауруына қарсы салынатын вакцинаның маңызы» тақырыбында дәріс оқыды. Ата-аналар тарапынан қызылша ауруына қарсы салынатын вакцина балаға кері әсер етпей ме деген сұрақтар қойылды.

Мектеп директорының  ақпараттандыру жөніндегі орынбасары М.Б.Имашова «Оқушылардың интернет желісіндегі қауіпсіздігі» тақырыбында  кеңес берді. Ата-аналарға  күнделікті керекті ақпараттар жазылған таратпа қағаздар үлестірді. Баланың қауіпсіздігін сақтауда ата-аналардың жағымсыз интернет сайттарының желісіне тыйым салу жолдарын көрсетті.

Жиналыс соңынан әр ата-ана өзінің баласы оқитын сыныбындағы жиналысқа  қатысты. Сынып жетекшілерімен бала қауіпсіздіге жөніндегі сұрақтарын талқылап,кеңестер жазылған таратпа материалдарын алды.

Мектеп директоры:                                  С.Х.Сыздыкова.

Дата: 12.09.2015, 9:53 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп