Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 мектебінің «Мектепке жол» акциясының өтілуі туралы мәлімет.

Балқаш қаласының  білім дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2015 жылғы 14 шілдедегі  № 1-11/ 87  бұйрығын негізге ала отырып, күнкөрісі төмен және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, ата- аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мақсатында ЖББ №25 орта мектебі «Мектепке жол» акция аясында келесі жұмыстарды ұйымдастырды:

1.«Мектепке жол» республикалық акциясы жөнінде кеңес өткізіліп, бұйрық шығарылып, жоспар құрылды.

2.«Мектепке жол- 2015» стенд ұйымдастырылды.

3. Ұйымдастырылған  штабқа  15 оқушының ата- анасынан өтініш түсті. 15 оқушыға көмек көрсету мақсатында келесі аталған азаматтар мен азаматшаларға сұраныс берілді:

1.Қалалық маслихат депутаты Қалықбеков Думан Амановичке.

2. Балқаш қалалық «Алтын Арна» ЖШС- директоры Мүслимов Ахат Кәдірұлына.

 3.Қоңырат кентінің жеке кәсіпкерлері Сәуле Рахимберлина, Қожахметова Балқия, А.Р.Шарахметовке.

4. ЖШС «Зеленстрой» директоры Мадьяров Төлеген Дюсембайұлына.

5.ЖШС «Тастемір» директоры Жұмалиев Болат Сағынтайұлына.

6. №25 мектеп  ұстаздар ұжымына.                 

     «Мектепке жол» акциясы бойынша  3 білім алушыға  47.100  теңге көлемінде көмек көрсеткен «Алтын Арна» ЖШС- нің басшысы Мүслимов Ахат Кәдірұлы. Ахат Кәдірұлы білім алушыларды  киім- кешекпен қамтамасыз етті.

 «Мектепке жол» акциясы өз жалғасын табуда.

 

 

 

Мектеп директоры                               Сыздыкова С.Х.

Дата: 17.08.2015, 6:04 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп