«Болашаққа ядролық қарусыз» экофестивалі

«Болашаққа  ядролық қарусыз» экофестивалі

   2015 жылдың 16 маусымында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебінде «Болашаққа ядролық қарусыз» атты қалалық экофестиваль өтті.

Аталған іс-шара «Невада – Семей қозғалысының 20 жылдығы» мен «Хиросима мен Нагасаки қалаларын атом бомбалаушылықтың 70 жылдығына»  орай ұйымдастырылды. Іс-шараға қаламыздың  №3, №15, №16, №10 мектеп білім алушылары және  «Балауса», «Ақбота» бала-бақшасының тәрбиеленушілері,  Медициналық колледж  студенттері қатысты.

 Әділ-қазылар  алқасы құрамында: Бажикеев Ж.М. – эколог, СКЦ ТОО «Казахмыс СМЭЛТИНГ», волонтер ОО «ЭКОШ», Федорова Н.Л. – эколог СКЦ ТОО «Казахмыс СМЭЛТИНГ», Мамынкулова Л.Т. – Балқаш қаласы медициналық колледжінің экологы болды  Іс-шара мектебіміздің 5Б сынып білім алушысы Мажит Әділеттің орындауындағы «Балбырауын» күйімен ашылды. Экофестиваль барысында №25 орта мектебінің 3А сынып білім алушылары Амангазина Айгерім мен Кәрімхан Айымның орындауында «Қазақ елі» әні шырқалды. Іс-шараны  мектебіміздің жас жүргізушілері  3А сынып білім алушысы Амангазина Айгерім мен 5А сынып білім алушысы Гинаятова Аружан жүргізді.

         Экофестиваль 3 кезеңнен тұрды: «Презентициялық», «Фетивальді» , «Агитациялық» .Қатысушы экотоптарды әділ-қазылар  кезең-кезең бойынша бағалап, жеңімпаздарды марапаттады: І орынды «Жасыл ел» экотобы (№15 мектеп-лицейі, жетекшісі Аблайханов Б.М.), ІІ орынды «Жасыл желек» экотобы (№16 мектеп, жетекшісі Байсеркина Б.М.), ІІІ орынды «Улыбка» экотобы (№3 мектеп, жетекшісі Бондарь И.В.) иеленді.

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары       Болсамбекова Р.М

Дата: 17.06.2015, 6:14 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп