Cоңғы қоңырау

Cоңғы қоңырау

    Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебі бойынша «Сыңғырла , күміс қоңырау» атты соңғы қоңырау салтанатының ақпары 25 мамыр 2015 жыл

2015 жылдың 25 мамырында сағат 10.00-де №25 орта мектебімізде 10-11 сынып білім алушыларының  «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты 2014-2015 оқу жылының соңғы қоңырау салтанаты өтті.

 Жиынның алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директорының міндетін атқарушы Амирбаева Сауле Сакенқызына берілді. Дарынды  бітіруші түлектерді және үздік  білім алушыларды  атап өту рәсімін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сағатбекова Гульмира Бақытбекқызы жүргізді.

 Соңғы қоңырау салтанатына Балқаш қаласы «Білім бөлімінің » әдіскері Рахимов Фархат Маликович,  мектебіміздің ардагер ұстазы Жабасова Қалимаш Жабасқызы  қатысты.

  Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды.

 Салтанатты жиын түлектерді ортаға шақыру рәсімімен ерекшеленді.  Түлектерді ортаға шақыру қойылым түрінде өтті. Қойылымға тәрбие ісінің меңгерушісі Болсамбекова Раушан Мирамқызы мен 11 сынып жетекшісі Қасатова Бақыт Төлеуханқызы қатысты.

 Түлектерді 1-сынып бүлдіршіндері құттықттап, жыр-шумақтарын арнады. Бітірушілер балдырғандарға естеліктерін сыйлады.

  Бүгінгі жиынның  «Қоштасу вальсі» де ерекше болды. «Қоштасу вальсі» көңілді флешмоб түрінде  орындалды.

Түлектеріміз сынып жетекшілеріне арнаған «Біздің асыл - ұстаз» атты  тосынсыйларын тарту етті.  Тартудан соң мектеп түлектері  Махметжан Айжан, Мейрам Бағдат 10 сынып білім алушылары Асет Әселге, Жақсыбай Альфияға «Білім кілтін» табыс етті.

 

  Салтанатты жиын бітіруші түлектеріміздің орындауында «Қош бол, мектебім» атты әнімен аяқталды.

    

  Соңғы қоңырау соғу рәсімін 11 сынып білім алушысы Тәңірберген Олжас және  1 сынып білім алушысы Дамбай Самал жүргізді.

Дата: 25.05.2015, 8:31 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп