Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі бойынша 16 мамыр 2015 жылы "Облыстық сенбіліктің"өткізілуі туралы.

    Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде 16 мамыр күні белгіленген  жоспар  бойынша сағат 11.00 мен сағат 12.00 арасында  облыстық сенбілік өтті. Облыстық сенбілікке  әр  сынып  өздеріне бекітіліп  берілген жұмыс орындарында тазалық  жұмыстарын  жүргізді. Тазалық жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырды.Мектеп  ауласына гүл шоқтары отырғызылып,ағаштардың түптері ақталынып сыланды.Балалар мектеп маңындағы ағаштарды суарып,түптерін қопсытты.Мектептің кіші қызметкерлері де өздеріне бекітіліп берілген жұмыс орындарында тазалық жұмыстарын жүргізді.

    Облыстық сенбілікке 8-10 сыныптың  65 білім алушысы 4 сынып жетекшілерімен,12  кіші қызметкер қатысты.Тазалық жұмыстары өз дәрежесінде өтті.

Дата: 16.05.2015, 8:00 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп