Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай Балқаш қаласының колледждері мен мектептері арасындағы «Қазақ елім» атты қалалық дебат турнирі өтті

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде оқушы жастардың патриоттық сезімін ояту, олардың пікірсайыстырудағы тәжірибесін арттыру мақсатында мамыр айының 13 жұлдызы күні Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай Балқаш қаласының колледждері мен мектептері арасындағы «Қазақ елім» атты қалалық дебат   турнирі өтті.Турнирге әр командада екі оқушыдан  «Болашақ», «Жұлдыз», «Бірлік», «Жұлдыз2», «Өркен», «Барыс», «Күлтегін», «Самұрық» командалары қатысты.

Турнир Апф және Лд форматтары бойынша өтті.

Апф форматының қарарлары.

1.Б.П.Балқаш қаласын су басу қатері жоқ деп есептейді.

2.Б.П.Оңтүстік адамдарын солтүстікке көшіру ақталады деп есептейді.

3.Б.П.Жеті ата жүйесін заң жүзінде іске асыру керек деп санайды.

4.Б.П. Көшпелі мал шаруашылығын, ауыл шаруашылығына енгізу керек деп санайды.

5.Б.П.Қазақ хандығының құлауына мына себеп түрткі болды деп есептейді.

Лд форматының қарарлары.

1.Б.К.Қыз бала ұл балаға ең бірінші қадам жасау керек деп есептейді.

2.Б.К. қарапайым жандар бақытты деп есептейді.

3. Б.К.тәрбиеге қарағанда білім маңызды деп есептейді.

І орынды «Жұлдыз»(ПТК) командасы, ІІ орынды «Барыс» (БГТК), ІІІ орынды «Күлтегін» (гимназия) иеленді.Жеңімпаз командалар мектебіміздің кубогымен және  мадақтамалармен марапатталды.

Дата: 13.05.2015, 11:44 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп