Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі бойынша 2014-2015 оқу жылының 01.04-30.04.2015 жыл аралығында өткен «Абай бол,әрқашан» атты айлықтың өткізілуі туралы

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі бойынша 2014-2015 оқу жылының  01.04-30.04.2015 жыл аралығында өткен «Абай бол,әрқашан» атты айлықтың өткізілуі туралы анықтама.

                                                                                                     30.04.2015 жыл.

 

     ЖББ №25 орта мектебінде наурыз айының 28 күнгі сап жиынында «Абай бол,әрқашан» айлығының өткізілетіні туралы 1-11 сыныптың білім алушыларын сап жиынында таныстырып,ұйымдастыру кезеңі өтті.

    Іс-шараның мақсаты:Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылға арналған «Саламатты Қазақстан» аттты денсаулық сақтау мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жолдағы және тұрмыстағы жарақаттың алдын-алу үшін мектептің білім алушыларын жолда жүру және өмір қауіпсіздігін сақтау ережелерін қатаң ұстануға тәрбиелеу.

  03.04-07.04 аралығында бастауыш сыныптар арасында «Бағдаршам» тақырыбында суреттер сайысын сынып жетекшілері ұйымдастырды.

    01.04.2015 жылы мектептің 1 қабатына мектептің аға тәлімгері Н.О.Қалиақпар «Абай бол,әрқашан » тақырыбында бұрыш ұйымдастырды.Бұрышта жол жүру ережесіне сәйкес мәліметтер жинақталып,мектептің білім алушылары мен ата-аналар тамашалады.

     01.04-30.04 аралығында әр аптаның сейсенбісі күні мектептің радиоторабынан мектептің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері «Автоарна» тақырыбында  хабарлама жүргізіп отырды.

    10.04.2015 жылы  мектептің медбикесі Б.А.Тускеева 1-10 сыныптар арасында «Жедел жәрдем алғашқы көмек көрсету»  тақырыбында дәріс оқып, талқылады.

   13.04-17.04 аралығында 7-9 сыныптарда   «Көше күтпеген жадайларға толы» тақырыпта қабырға  газеттерінің байқауы өтті.

    01.04-30.04   аралығында әр сенбі сайын 1-11 сыныптарда «Жол қозғалысы» тақырыбында   сынып   сағаттарын өткізді.

    30.04.2015 жылы «Абай бол,әрқашан» тақырыбында өткен айлықтың жүргізілген жұмыстарының   қорытындысы  жасалды.

  

 

  

Мектеп директоры                     С.Х.Сыздыкова.

Дата: 2.05.2015, 7:45 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп