Таза бейсенбілік

                Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі бойынша           

          23 сәуір 2015 жылы «Таза бейсенбіліктің» өткізілуі туралы

 мәлімет пен фотоколлаж

 

     Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде 23 сәуірі  күні белгіленген  жоспар  бойынша сағат 11.00 мен сағат 12.00 арасында  сенбілік өтті. Таза бейсенбілікке   2а, 2Б, 3А, 3Б  сыныптың білім алушылары мен мектептің кіші қызметкерлері шықты. Таза бейсенбілікте  әр  сынып  өздеріне бекітіліп  берілген жұмыс орындарында  тазалық  жұмыстарын  жүргізді.  Сонымен  бірге 5А, 5Б, 6 сынып білім алушылары мен  кіші  қызметкерлер  «Горняк»  паркі  мен «ҰОС ардагерлерінің» ескерткішінің маңайына тазалық жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырды.

Таза бейсенбілікке  120 білім алушы мен 15  кіші қызметкер және  6 мұғалім қатысты. Тазалық жұмыстары өз дәрежесінде өтті.

Дата: 24.04.2015, 5:43 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп