Медсынып оқушыларымен "Медицинаға қадам" медициналық жобасы аясында түсіндірме жұмыстары

Медсынып оқушыларымен

Ы.Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінің медсынып оқушылары «Медицинаға қадам» медициналық сынып жобасы аясында  Қоңырат шағын ауданындағы емханаға саяхат жасап,  дәрігер мен мейірбикелердің  жұмыстарымен танысты.  Балалар емдеу кабинеттерін көріп, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, науқастың тыныс жолдарын емдейтін тұзды бөлме жұмысымен таныс болды. Мейірбике Игембаева Алмагуль Умирбековна өздерінің жұмыстары туралы түсіндіріп, сауалдарға жауап берді.

Дата: 29.11.2024, 20:32 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп