Балқаш қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясының Политехникалық колледжі 9- сынып оқушыларына кәсіби бағдарлау мақсатында Ашық есік күнін ұйымдастырды

2024 жылдың 15 мамырында Балқаш қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясының Политехникалық колледжі 9- сынып оқушыларына кәсіби бағдарлау мақсатында Ашық есік күнін ұйымдастырды. Мақсаты: мектеп оқушыларына ерте кәсіптік бағдар беру, болашақ мамандығына дұрыс таңдау жасау және колледжге талапкерлерді оқуға шақыру. Оқу орнының тарихымен, оқу-материалдық базасымен, ондағы даярланатын мамандықтармен, шеберханаларымен таныстырып, колледжге түсу тәртібі, оқу жүйесі және колледжде білім алудың тиімділігі жайлы ақпарат берілді, көрме ұйымдастырылды..

Дата: 24.05.2024, 11:42 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп