"Әке жолы - ізгі жол"

Мектебімізде 29.02.24 күні "Әке жолы - ізгі жол" әкелер айлығының жоспарына сәйкес "Ұлағат" әкелер ұйымының жетекшілері Бегімбаева А. Жолдыбаева Н.Ж. ұйымдастыруымен 1-11 сыныптың әкелерімен сайыс өтті. Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту мақсатында ұйымдастырылды. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Қазылар алқасының анықтауы бойынша жеңімпаздар белгілі болып, марапаттауға ие болды. Құттықтаймыз!
Әке - ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы.

Дата: 6.03.2024, 11:09 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп