«Өнегелі өмір» жобасы аясында мектеп түлегі, Балқаш көпсалалы колледжінің ректоры, техника ғылымының кандидаты, профессор Игембаев Жұмағазы Абзалбекұлымен кездесті.

2024 жылы 29 ақпан күні Ы.Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебінде 8-11 сынып оқушылары «Өнегелі өмір» жобасы аясында мектеп түлегі, Балқаш көпсалалы колледжінің ректоры, техника ғылымының кандидаты, профессор Игембаев Жұмағазы Абзалбекұлымен кездесті. Мақсаты: мамандық таңдау кезінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, дұрыс жол таңдауына ықпал ету.
Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу және адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.

Дата: 6.03.2024, 11:08 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп