"Тақиялы періште" атты комедиясының театрландырылған қойылым байқауы
15 акпан күні оқушылар сарайында Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орай "Тақиялы періште" атты комедиясының театрландырылған қойылым байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Қазақ ұлтының өнер мен мәдениет тарихында орын алатын ұлы тұлғалардың бірі - режиссер Шәкен Аймановтың өнерін дәріптеу, өскелен ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық, тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар театр шығармашылығын қолдау және дамыту. Сайыста мектебіміздің, оқушылары БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды. Көркемдік жетекші- Токтаубаева Э.Б. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері- Мусаханова Д.Ж. Дүйсембаева Б.Б.
Жеңістерімен құттықтаймыз!
Дата: 19.02.2024, 14:01 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп