"Компьютерлік сурет салу" сайысы

"Цифрлық әлем" ақпараттық және компьютерлік сауаттылық апталығы аясында Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебінде ақпанның 08.02 күні 5-6 сынып оқушылары арасында "Компьютерлік сурет салу" сайысы өтті. Сайыстың басты мақсаты "Экология-балалар көзімен" атты тақырыпқа компьютермен сурет салу. Сайыс 2 кезеңнен тұрды. 1 кезеңде оқушылар компьютерлік графикаға байланысты сұрақтарға жауап берді және Paint бағдарламасында суреттерін салып, қорғап шықты.
Сайыстың қорытындысы:
I-орын 6 сыныбы
II-орын 5 сыныбы марапатталды.

Дата: 19.02.2024, 14:25 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп