Облыстық «Табыс формуласы» жобасы мен қалалық әдістемелік марафон
Облыстық «Табыс формуласы» жобасы мен қалалық әдістемелік марафон аясында 2024 жылдың 31 қаңтарында «Ы.Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-інде ашық сабақтар өтті. Биология пәнінің мұғалімі М.М.Мамырбаева «Сүйектің байланыс түрлері» тақырыбында 8Б сыныбына сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылар іс-әрекеттің барлық түрлеріне белсенді қатысты. «Миға шабуыл», «Сызықтық диктант», семантикалық карта, жеке, жұппен, топтық жұмыстар, орындаған тапсырмаларының дұрыстығын тексеру, өзара бағалау, сабақ соңындағы «Бір ауыз сөз» әдісі арқылы сабақты қортындылау балаларға қызықты болды.
География пәнінің мұғалімі С.Е.Наркулова 8А сынып оқушыларына «Демографиялық көрсеткіштер мен демографиялық жағдай» тақырыбында сабақ өткізді. Білім алушылар картаны және есептеу формулаларын пайдаланып, елдердің туу және өлім коэффициентін, табиғи өсім көрсеткіштерін есептеп, демографиялық жағдайларын талдады.
Шетел тілі мұғалімі Р.Р.Тәңірберлі 8А сыныбында өткен сабағында оқу үдерісіне барлық оқушыларды қатыстыру арқылы сабақта тілдік дағдыларды дамыту тапсырмасын орындатты. Әртүрлі тәсілдерді қолдану, өзара әрекеттестіктің әртүрлі формалары мұғалімге сабақ мақсатына жетуге және білім алушыларға қажетті дағдыларды алуға мүмкіндік берді.
Бастауыш сынып мұғалімі А.Қ.Разахберлі 2Бсынып оқушыларына «2-ге көбейту кестесін құру және қолдану» тақырыбында сабағын өткізді.
Оқушыларға көбейту кестесін құру, көбейту және бөлудің ауыстырымдылық тәсілімен өрнектерді есептеу қызықты болды. Мұғалімнің жетекшілігімен есеп шығару, оның шешілу дұрыстығын тексеру, жұппен, топпен жұмыс тапсырмаларын белсенді орындады. Сабақтың әр кезеңіндегі бағалау сабақтың мақсатқа жетуіне әкелді.
#goroo_balkash #umckrg #balkash_qalasy_bilim_bolimi
Дата: 1.02.2024, 11:23 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп