"Мен оқыған бір ертегі" атты тәрбие сағаты өтті
Халқымыздың балаға тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі-ертегі. Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие. Ертегі баланы адалдыққа,тапқырлыққа,
адамгершілікке тәрбиелейді.Тіл байлығын арттырады. 10.01.2024 ж. мектепалды даярлық тобында ұлттық тәрбиеге негізделген "Мен оқыған бір ертегі" атты тәрбие сағаты өтті. Г. М. Ныгыметжанова балаларға оқыған ертегілеріннің қысқаша мазмұнымен таныстырды. Тәрбиеленушілер өздеріне ұнаған ертегілерін айтып беріп, өздеріне ұнаған аңдардың суретін салды.
Дата: 15.01.2024, 10:04 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп