9-сынып оқушылары Балқаш қаласы Р.Қошқарбаев атындағы техникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынамаға қатысты.

2024 жылдың 04 қаңтарында кәсіби бағдар беру бойынша Ы.Алтынсарин атындағы N25 ЖББ мектебінің 9-сынып оқушылары Балқаш қаласы Р.Қошқарбаев атындағы техникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынамаға қатысты. Мақсаты: мектеп оқушыларына болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесу. Колледж оқытушылары мен студенттері дәнекерлеу, көпір краны машинисті, құрылыс шеберханаларын көрсетіп, таныстырды. Оқушылар тәжірибелік жұмыстарға қатысып, мамандықтарға өз қызығушылықтарын білдірді.


#Карагандыоблысыбілім09
#Біртұтас_тарбие
#кәсібибағдар
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@balqash_abb

Дата: 15.01.2024, 10:50 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп