16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 32 жыл толуына орай «Жас қыран» ұйымының құрамына қабылдау рәсімі өткізілді.

 

2023 жылдың желтоқсан айының 15-күні «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-де 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 32 жыл толуына орай «Жас қыран» ұйымының құрамына қабылдау рәсімі өткізілді.«Жас қыран» ұйымына қабылдау мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Сап жиынын директорымыз Г.С. Мейрбекова құттықтау сөзімен ашып берді. Сап жиынында 2А,2Ә,2Б сыныбының оқушылары«Жас қыран» ұйымына қабылданды. «Жас қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға галстук пен төсбелгіні мектеп директоры,директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасарлары, ұстаздар және өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері тақты. Қабылданушылар патриот болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант берді.

 

Дата: 19.12.2023, 12:11 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп