"Қазақмыс" корпорациясы политехникалық колледжінде " ZhasSkills Kazakhmys-2023" кәсіби шеберлік чемпионаты болып өтті.

2023 жылдың 07 желтоқсанында Балқаш қаласы "Қазақмыс" корпорациясы политехникалық колледжінде " ZhasSkills Kazakhmys-2023" кәсіби шеберлік чемпионаты болып өтті. Мақсаты: оқушылардың заманауи және болашақ жұмысшы кәсіптерін игеруіне және кәсіптік бағдар беру үшін жаңа мүмкіндіктер жасау. Чемпионатқа Ы.Алтынсарин атындағы N25 ЖББ мектебінің 9- сынып оқушылары "Дәнекерлеу ісі" құзыреттілігі бойынша 23 ұпай алған Жолдыбай Толғанай қатысып, 1 ші орынды иеленіп, диплом мен 30.000т. сертификатын алды.
"Электромонтаж" құзыреттілігі бойынша 22 ұпай алған Садвакасова Айжан қатысып, 3 орынды иеленіп, диплом мен 10.000 т.сертификатын алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!


#Карагандыоблысыбілім09
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_abb

Дата: 13.12.2023, 13:31 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп