«Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастырайық»
2023 жылдың 08 желтоқсанында Балқаш қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінің 8-9 сынып оқушыларына Қарағанды Тілдерді дамыту басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының әдіскері Шаменова Айсана Манарбекқызы латын графикасы аясында «Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастырайық» тақырыбында тренингі өткізді. Тренингте латын әліпбиіне көшудің мақсат, міндеттері, ерекшелігі түсіндірілді, әріптердің таңбалануы көрсетілді. Оқушылар арнайы дайындалған тапсырмалар мен жаттығулар орындады, ұлы тұлғалардың қанатты сөздерін латын әліпбиінде оқыды. Соңында ақпаратты пысықтау мақсатында «Мақал-мәтелдерді жалғастырыңыз», «Суреттен мақалдарды табыңыз» тапсырмаларын орындады.
#Карагандыоблысыбілім09
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_abb
Дата: 13.12.2023, 11:04 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп