1-11 сыныбының оқушыларының ата-аналары үшін жалпы ата-аналар жиналысы өтті

Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінде 2023 жылдың 5 желтоқсаны күні мектебіміздің 1-11 сыныбының оқушыларының ата-аналары үшін жалпы ата-аналар жиналысы өтті.Жиналыста Балқаш қаласының прокуроры Қуанышбек Аслан Қайратұлы «Нашақорлық және оның алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.
Балқаш қаласының ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Батырбекова Айгүл Абдолдақызы «Жұқпалы аурудың алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.
Қалалық жасөспірімдер бөлімінің инспекторлары полиция капитаны Нұрбек Аян Алтайұлы,полиция аға лейнтенанты Қоразбаев Нұрлыжан Айтмағанбетович «Тәртіп бұзушылықтың алдын алу,қоғамдық орындарда өз-өздерін ұстау» тақырыбында кеңес берді.
Балқаш қаласының төтенше жағдай басқармысының бастығының орынбасары Мұқажанов Ерсін Оразұлы , төтенше жағдай құтқару бөлімінің құтқарушы медбикесі Абжанова Бағдат Сатпековна «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік» , «Мұз үстіндегі қауіпсіздік» тақырыбында кеңес берді.
Жиналысқа қатысқан ата-аналар өз тарапынан қойылған сұрақтарға жауап ала білді.Бүгінгі өткізілген жиналыстың күн тәртібінде қаралған мәселелер ең өзекті мәселелер .


#Карагандыоблысыбілім09
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_abb

Дата: 11.12.2023, 11:12 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп