«Отбасы – өмір айнасы»
«Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ –де Отбасы күніне орай 5 «А» сынып оқушыларымен «Отбасы – өмір айнасы» тақырыбында адамгершілік сабағы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Адамгершілік сағаты «Ширату сұрақтарымен» басталды. Оқушылар отбасындағы салт –дәстүрлермен бөлісті. Оқушылар сабақты «Мен отбасыммен мақтанамын» тақырыбында эссе жазумен аяқтады.
Сынып жетекші: Бейсекина К.А
Дата: 12.09.2022, 16:10 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп