«Тарихтан тағлым - өткенге тағзым» танымдық сағат

«Қарағанды білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ -де «31 мамыр - саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» күніне орай 5-8 сынып оқушыларымен «Тарихтан тағлым - өткенге тағзым» танымдық сағаты өтті.
Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандары жөнінде оқушыларға түсінік бере отырып, алаш зиялылардың ерлігін, үлгі-өнеге ету мақсатында өткен танымдық сағат құрбандарды еске алумен басталды. Оқушыларға тақырыптық бейнефильм көрсетілді. Топқа бөлінген оқушылар «Алаш көсемдері» және «Тәуелсіз Қазақстан және алаш арыстары» тақырыбында плакаттар қорғады. «Сөзді тап» ойыны оқушылардың ой - өрісін дамытты. Танымдық сағатта қатысқан қонақтар да өз ойларымен бөлісті.
Ұйымдастырушы: тарих пәнінің мұғалімі К.А.Бейсекина

Дата: 31.05.2022, 14:13 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп