«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты сап жиыны

2021-2022 оқу жылының 25 мамыры күні сағат 10.00-де Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінде дәстүрлі «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты сап жиыны өтті.

Тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміз үшін, оларды келешекке арманына шақыратын соңғы қоңырау болды. Бүгін міне мәңгі сақтар күн. Алып ұшып түйініндей хаттардың. Түлектерге қимас сезім сыйлаған. Куәсіндей балалық бал шақтардың деп, еліміздің ұлан ғайыр білім ордаларында күміс қоңыраудың соңғы сазы, «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» мерекесі өткізілді. Мектеп бітіруші түлектерді алғашқы ұстазы мен сынып жетекшісін үлкен қошеметпен ортаға шақырды. Оқушылар сапқа тұрғаннан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Осыдан кейін ардагер ұстаздарымызды ортаға шақырдық. Барлығы орындарына жайғасқаннан кейін, мектеп директоры Г.С.Мейрбекова өзінің құттықтау сөзімен салтанатты жиынымызды ашып берді. Іс-шарамызғы келген қонақтарымыз қалалық маслихат депутаты А.А.Терілікбаева, Балқаш қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Қ.С.Ілияс және ардагер ұстазымыз К.Б.Алдасүгірова түлектерімізге жүрек жарды тілектерін жолдады. Дала қоңырауы атанған қазақ халқының тұңғыш ағартушы –педагогы, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин рөлін сомдаған 11 сынып оқушысы қойылым қою арқалы Ш.С.Ілияс жас түлектерге арнап құттықтау тілегін арнады. Келесі кезекте 11 сынып оқушылары «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты әнді орындады. Біліммен оза шапқан дарыны мен дараланған оқу озаттарын марапаттау рәсіміде болды. 11 сынып оқушылары, 10 сынып оқушыларын ортаға шақырып «Білімнің алтын кілтін» табыстады. 11 сынып оқушылары «Мектеп вальсін» биледі. Соңғы қоңырау. Мектеп бітіруші түлектеріне арналады. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. 11 сынып оқушысы Ілияс Шыңғыс пен Дәріғұл Айару 1 сынып оқушысы қоңырау соқты. Жиын соңында мектеп бітіруші түлектерге, Ұлттық бірыңғай тесті табысты тапсыруларына тілектеспіз. Жаңа өмірлеріне ақ жол, сәт сапар тілейміз!

 

 

 

 

Дата: 27.05.2022, 10:07 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп