"Дарынды ұрпақ- ұлт болашағы" атты дарындылар шеруі

20.05.2022 жылы «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ- де «Дарынды ұрпақ- ұлт болашағы» атты дарындылар шеруі өтті. Жыл бойы қалалық, облыстық, республикалық іс- шараларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болған оқушылар және ұстаздар марапатталды. Ең үздік деген 5 оқушыға «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» қорынан сыйақы берді, ата-аналарына дарынды ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөліп, балаларды іс- шараларға белсене қатыстырғаны үшін алғыс хатпен марапаттады. Мектебіміздегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болған ардагер ұстаз Омарова Несіпқайшаның баласы Мұрат Асержанұлы биылғы оқу жылында қалалық пән олимпиадасында өзін-өзі тану пәнінен ІІІ орын алған 9Б сынып оқушысы Ғабит Руслан мен жетекшісі Касатова Бахыт Толеухановнаны медаль және сыйақымен марапаттады.

Дата: 27.05.2022, 9:49 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп