«Мектепке жол» республикалық акциясы

Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектеп бойынша 2021 жылдың 01 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында республикалық «Мектепке жол» акциясы басталды. «Мектепке жол» акциясына жоспар құрылып, стенд жабдықталды.

Жалпыға бірдей білім беру қорынан көмек сұраған 52 оқушының ата-анасы өтініш берді. Жалпыға бірдей білім беру қорынан 52 оқушыға оқу-құралға 170,040 теңге, киім-кешекке 672,872 теңгеге көмек көрсетіледі. Қазіргі таңда ұл балаларға костюм шалбарлар таратылды.

«Мектепке жол» акциясы бойынша 5 ата-анадан өтініш түсті. «Алтын-Арна», «Сары Казна» кәсіпорындарына хаттар жолданды. Көмек көрсетілу бойынша жұмыстар жасалуда.

Дата: 11.08.2021, 15:47 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп