2021 жылғы 1 – 12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанын (ҰАН) өткізу жөнінде ақпарат
Ақпараттық науқан мақсаты: бала еңбегін пайдалану проблемасына қоғамның назарын аудару;
Ақпараттық науқан міндеттері: Еліміздің барлық өңірінде бала еңбегі проблемаларын БАҚ-та жариялау үшін журналисттерді тарту; бала еңбегін пайдалану проблемалары, оның масштабы мен сипаттары, балаға және қоғамға тигізетін әсері, сондай-ақ осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы қоғамның, үлкендер мен балаларды қосқанда ақпараттандыруды арттыру;
«Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де
2021 жылғы 1 – 12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн»
Ұлттық ақпараттық науқанын (ҰАН) өткізу жөнінде жоспар жасаланып, бекітілді.
«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты стенд жасалынды.
Стенд материалдары «Бала еңбегін жоюға жол жоқ», «Бала еңбегінің пайда болуына әкелетін факторлар», «2021 жылғы 1 – 12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанының мақсаты,ұраны, міндеттері туралы тақырыптармен толықтырылды. https://balkhash.goo.kz/journal/view/37/22312. Сайтқа орналыстырылды.
Ұлттық ақпараттық науқан жалғасын табы Казбекова Б.К «»Бақытты балалық шақ» тақырыбына кітап көрмесін ұйымдастырды.
Қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен отбасылар үшін «Жедел желі» қызметі бар.Ата-ана қауымдастығын тарта отырып, «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ»,
Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» кең ауқымды рейдтік шаралар өтті.
Балаларды жыныстық, еңбек қанауына тартудың алдын алу бойынша оқушылар, ата-аналар және педагогика қауымдастығы өкілдерінің арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бала еңбегінің ең нашар түрлері проблемасы бойынша семинар-тренингті мектеп психологтары Казыбаева Д.Ж мен Алишева Э өткізді.
Мақсаты:оқушыларды «бала құқығы», «адам құқығы», «құқық» терминдерінің, балалардың құқықтары туралы Конвенция ережесінің қабылдаған, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру
Б.Момышұлы «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқығымызды да, өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қыз болып өсейік деген қорытындымен тренингті аяқтады.
Демалыс кезеңінде жасөспірімдерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ДТЖО Жолдасбекова М.М: Жоғарғы сыныптың 9-10 сынып оқушылары арасында қаламызда «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 16 жасқа толған оқушыларға үш ай бойы қаламызды көгалдандыру мен абаттандыруға ат салысып жұмыс жасауға болатыны туралы әңгіме жүргізді.
«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқанын өткізу туралы ақпарат мектеп сайтына орналастырылды.
Date: 10.06.2021, 8:43 Author: School №25