«Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінде» 2021 жылдың 22 мамыры күні «Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысын өткізудің тұжырымдамасы» негізінде 1-11 сыныптың ата-аналарымен онлайн форматта жиналыс өткізілді.

Балқаш   қаласы   «Ыбырай  Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінде» 2021 жылдың  22 мамыры күні  «Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысын өткізудің тұжырымдамасы» негізінде   1-11 сыныптың ата-аналарымен онлайн форматта  жиналыс өткізілді. Жиналыстың  мақсаты: ата-аналарды 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету.                                                               Сынып жетекшілері  2020-2021 оқу жылындағы  балалардың оқу үлгерімі, жазғы мектепті ұйымдастыру, келесі оқу жылына мектеп формасы  мәселелері бойынша ата-аналармен ой бөлісті. Басты назар жаздағы қауіпсіздік, санитарлық нормаларды сақтау сұрақтарына аударылды.         9,11 сыныптардың қорытынды аттестатауы, соңғы қоңырау,мектеп бітіру кеші жайлы мектеп директоры   Сыздыкова С. К. бітіруші сыныптардың  ата-аналарын  хабардар етті. Қажет болған  жағдайда  ата –аналарды   Zoom  платформасына  кезек –кезек   қосу арқылы  педагогтермен жеке сөйлесуі ұймдастырылды.

Дата: 22.05.2021, 12:03 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп