"Қауіпсіз жаз-2021"

  2021 жылдың 15 мамыр күні сағат 14.00- де "Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі" КММ- де 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына "Қауіпсіз жаз-2021"тақырыбында жалпымектептік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысты өткізген директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Б.Сағатбекова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары М.М.Жолдасбекова, Д.Ж.Казыбаева жиналыс барысында ата-аналарды алдымен күн тәртібімен таныстырып өтті.

Келесі сұрақ жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесіне арналды. Бұл сұрақ бойынша Балқаш қаласы ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Нұрбек Аян Алтайұлы және аға лейтенант Секебаев Жасулан Бахытұлы сөз сөйлеп, бірқатар мәселелерге тоқталды. Ата-аналарды учаскелік полиция инспекторларының қызметімен, құқық бұзушылықтың алдын-алу үшін учаскелік полиция инспекторларының жүргізетін профилактикалық жұмыстарымен таныстырды. Осы бағытта ата-аналарға кеңестер беріліп, әр ата-ана балаларының амандығы үшін жауапкершілігін арттырып, үнемі қадағалауда ұстау қажеттілігі туралы айтылды.

«Жазғы мектеп» жұмысын ұйымдастыру туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Б.Сағатбекова мәлімет берді. Негізгі пәндерден білім сапасының көрсеткішін көтеру мақсатында ұйымдастырылатын «Жазғы мектепте» өткізілетін пәндер, қосымша іс-шаралар туралы айтылды. Сонымен бірге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.М.Жолдасбекова бастауыш сыныптар үшін жазғы демалыс лагерінің жұмысын ұйымдастыру туралы ата-аналарға жан-жақты баяндап берді сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Ж.Казыбаева оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларына тоқтала кетті. Онда өрт қауіпсіздігі, баланың үйде жалғыз қалғандағы, көшедегі жол қозғалысы кезіндегі, суға түскендегі қауіпсіздігі және ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескертті. Жиналыс соңында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап ала алды.

Дата: 19.05.2021, 9:17 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп