«Қысқы қолөнер» Аяз атаның шеберханасы атты байқауы өтті.

   2021 жылдың 4 қаңтарынан 8 қаңтары аралығында қашықтықтан қалалық «Қысқы қолөнер» Аяз атаның шеберханасы атты байқауы өтті. Байқау мерекелік атмосфера мен көңіл-күйді қалыптастыру, балалардың ата-аналармен бірлескен көркемдік және шығармашылық іс-әрекеттегі шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілді. Балалар мен ата-аналар шығармашылық, қиял және шеберлік көрсетті. Балалардың қолынан шыққан өнерлері өте әдемі әрі жарқын. Қолөнерге арналған материалдар әртүрлі болды - қағаз және жіптер, мата және мақта, пластилин және тұзды қамыр, пластикалық орамалар, моншақтар, фольга, қаңылтыр және т.б. Байқауға мектебіміздің 3-5 сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды:

1) Жыл символы номинациясында I орынмен - 4 "Б" сынып оқушылары Тлеуберген Ербота, Есенкелди Еркеназ;

2) "Жаңа жылдық ойыншық" номинациясында III орынмен - 3 "Б" сынып оқушысы Тұрлыбек Дамир, 5"А" сынып оқушысы Азамат Ермек марапатталды.

  

Дата: 2.02.2021, 10:16 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп