ЖИТС-тің алдын алу шараларын жастар мен жасөспірімдер арасында кеңінен насихаттау мақсатында, 9-11 сынып оқушылары арасында зум платформасы арқылы кездесу ұйымдастырылды.
ЖИТС-тің алдын алу шараларын жастар мен жасөспірімдер арасында кеңінен насихаттау мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде 9-11 сынып оқушылары арасында зум платформасы арқылы кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында АИТВ инфекциясының қаладағы эпидемиологиялық ахуалы, инфекцияның алдын алу, сақтану шаралары кеңінен түсіндірілді.
Кездесуге Балқаш қаласының «Ғибрат жастар орталығының» психологы М.М Жиенбаева мен ЖИТС орталығының дәрігер маманы Р.Х.Момынова қатысты.
Дәріс сұрақ-жауап, пікір алмасу соңында Р.Х.Момынова «ЖИТС инфекциясының таралуы және одан сақтану» туралы баяндама оқыды, іс-шара соңында жалпы қатысып отырған оқушыларға мынандай сұрақтар қойды.
1. Балалар сендер салауатты өмір салтын ұстанасыңдар ма? (ИЯ)
2. ВИЧ/СПИД тен сақтануға болады ма ? (ИЯ)
Жиенбаева Меруер Маратовна оқушыларымызға психологиялық кеңестер берді.
Қорытындылай келе, ВИЧ/СПИД ке қарсы халықаралық күрес күніне арналған бұл іс-шара жоғары деңгейде өтті және оқушыларымыз өздерін толғандырған сұрақтарға жауаптарын таба білді.
Дата: 8.12.2020, 10:14 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп