«ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ бойынша мәлімет

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектептің

«ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ бойынша мәлімет

Мақсаты:Балаларды қатыгездікпен және немқұрайдылықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және қоғамда балаға зорлық-зомбылық қолайсыз болып, жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру.

Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектепте 9 -қараша мен 20-қараша аралығында «Қатыгездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқаны басталды. Науқан бойынша жоспар жасалынды. Онлайн түрінде ата- аналарға арналған жиналыстар өткізілді.

Кәмелетке толмағандар арасында  құқықбұзушылықтың алдын -алу бойынша Полиция бөлімімен онлайн арқылы кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге полиция қызметкері Ж.Б.Сеңкебаев, директордың тәрбие жөнінен орынбасары М.М. Жолдасбекова, әлеуметтік педагог Касатова Б.Т қатысты.

 

«Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады!» жоғары буын оқушылары арасындағы  онлайн эссе онлайн форматта жазылды. Эссені 11 сынып  оқушысы Ақылбек Толғанай, 9 сынып оқушысы Рақымжан Тахмина жазып, өз ойларын жеткізе білді.

        

9-11  сыныптар арасында онлайн форматта «Біз өз проблемаларымыз туралы» сынып сағаттары  өткізілді.

  

Мектеп психологы Тулеубаева Г.Ж «Мектеп және мектептен тыс ортада психологиялық (эмоционалдық) және физикалық зорлық-зомбылық» мәселелері бойынша 9-11 сыныптар арасында онлайн-талқылау ұйымдастырды. Науқан бойынша ақпарат жасалып, мектеп сайтына орналастырылды.

    

Дата: 20.11.2020, 8:27 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп