«Балқаш қаласы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі» КММ-інде мектеп директоры С.К.Сыздыкованың 1-11 сынып оқушылары ата-аналарының қатысуымен «Басшы сағаты» өтті.

«Балқаш қаласы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі» КММ-інде 14 қараша күні мектеп директоры С.К.Сыздыкованың 1-11 сынып оқушылары ата-аналарының қатысуымен «Басшы сағаты» өтті. «Басшы сағатына» 16 ата –ана және мектеп әкімшілігінен 6 педагог қатысты. Мектеп басшысы ата-аналарға 2-тоқсанның оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, мектептегі санитарлық нормалар, 2-тоқсанда ашылатын 5- сыныптың кезекші топтары, оларға қойылатын санитарлық талаптар жөнінде айтты. Оқу процесін ұйымдастыруда қашықтықтан білім алып отырған оқушылармен синхронды форматта сабақтар көбірек өткізілетіні, ата-аналар тарапынан балаларының сапалы білім алуына қолдау көрсету керек екені (сабақтарын қадағалау) айтылды. Сонымен қатар ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарға мектеп басшысынан толық жауап алды.

Дата: 16.11.2020, 12:15 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп