Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде қазан айының 12-сі күні «Басшы сағаты» өтті.
Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:
1. 2019-2020 оқу жылындағы бюджеттің орындалуы. Модератор: мектеп директоры Сыздыкова С.К.,
2. Қашықтан оқыту жағдайында І тоқсанда БЖБ, ТЖБ өткізу ерекшеліктері. Модератор: директордың ОІ орынбасары Башарова А.Б.
3. Шектеу шаралары кезінде мектепте санитарлық нормалардың сақталуы туралы. Модератор: медбике Тускеева Б.А.
Мектеп директоры ата- аналарға 2019-2020 жылдардағы бюджеттің орындалуы туралы есеп берді. Мектепті жөндеу жұмыстары, жалпыға бірдей білім беру қорының игерілуі, тегін интернетпен қамтамасыз ету, коммуналдық төлемдер, жалақы қоры, МТБ–ны толықтыру бойынша мәселелерге тоқталды. 2018-2020 жылдарының «Ашық бюджеті» мектептің сайтында орналасатыны туралы айтып өтті.
Күн тәртібінің 2- мәселесі бойынша қашықтан оқыту жағдайында І тоқсанда БЖБ, ТЖБ өткізу ерекшеліктері туралы мектеп директорының ОІ орынбасары Башарова Асем Бектауовна айтып өтті.
Үшінші мәселе бойынша шектеу шаралары кезінде мектепте санитарлық нормалардың сақталуы туралы медбике Тускеева Бейбіт Арыстанбековна сөйледі. Қазіргі уақыттағы басты мәселе балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы екендігін баса айтты.
Дата: 13.10.2020, 12:36 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп