1-білім күніне арналған сынып сағаттарының өтуі туралы ақпар

Бүгін 1 қыркүйек-білім күні. Тәуелсіз еліміз-Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені, Білім күні- өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі мерекесі.

1 қыркүйек әсіресе мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттағалы тұрған, жаңа өмірге қадам жасаған бірінші сыныптың 46  оқушысы  үшін қуанышты күн. Бұл олардың жадында сақталатын және тебірене еске алатын күн болады.

Бұл күн- бүлдіршіннің балалықтың бал-шағымен қоштасып, білім еліне аттаған алғашқы қадамы.Ендеше, болашақта елінің атын әлемге танытар, ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, білім бұлағынан сусындауға асығып келе жатқан жаңа буын шәкірттеріміз қадамдарыңа нұр жаусын!

 1 сынып оқушыларын олардың сынып жетекшілері:

1 «а» сыныбы- сынып жетекшісі  Башарова Асем Бектауовна

1 «Б» сыныбы- сынып жетекшісі    Серікбек Гүлзат Өмірсерікқызы  қабылдады.

Қашықтықтан оқытудың талаптарына сай бұл күні мектебімізідің 1-4 сыныптың кезекші сынып оқушылары да келді.Сынып жетекшілері мазмұнды сынып сағаттарын өткізді.

5-11 сынып оқушыларымен сынып жетекшілері онлайн режимде сынып сағаттарын өткізді.  Сынып сағаттарының идеологиялық мазмұнын Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдығы,Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және Әбу Насыр-әл-Фарабидың 1150жылдығы тақырыптары құрады.